Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен, жаңадан 5 министрлік құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Олар:
- Су ресурстары және ирригация министрлігі;
- Көлік министрлігі;
- Туризм және спорт министрлігі;
- Мәдениет және ақпарат министрлігі;
- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрт ведомсвтоның басшыларын қызметінен босатты.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.