Қар аралас жаңбыр жауып, көк тайғақ болады
ҚазАвтоЖол еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлады Аlmaty.tv тілшісі ҚазАвтоЖол қызметіне сілтеме жасап.
- Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар, - деп жазды ведомстводан.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, көк тайғақ болады деп болжанады.
- Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Оқи отырыңыз:Тағы да көлік апаты: құтқарушылар жолаушының денесін әрең алып шықты