ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.
Бақыт Тұрлыханұлы 1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы инженер-электрик, экономист.
1994-1997 жж. - ҚР Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары - бөлім бастығы.
1996-1997 жж. - ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.
1997-1998 жж. - ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік департамент директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.
1998-1999 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.
1999-2002 жж. - ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік департамент директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.
2002-2003 жж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.
2003-2006 жж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары. 2006-2007 жж. - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, ҚР Қаржы министрінің орынбасары.
2007-2010 жж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2010 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2012 жылдың қаңтар-қараша аралығында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2013 жылдың қарашасынан 2014 жылдың тамызына дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-ҚР Қаржы министрі.
2014 жылдың тамызынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Қаржы министрі.
2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың маусым айына дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.