Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

07.02.2019 22:38

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.

Басқосуда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты іс-шараларды жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етудің маңыздылығы айтылып, осы сала бойынша алдын алу шараларын уақтылы әзірлеу қажеттігі сөз болды. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.