Алтын отыз жылдық атты деректі фильм
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапарынан деректі фильм дайындалып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы 17-18 қазан күндері Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.
Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізді.
Сондай-ақ жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастығының III форумына қатысты. Сапар аясында Қытайдағы ірі компания басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.
"Алтын отыз жылдық" деректі фильмінде осынау үлкен сапардың мән-маңызы жан-жақты баяндалады. Деректі фильм жуырда Президент телерадиокешенінің YouTube-тегі арнасында жарияланады.
Оқи отырыңыз: Ханчжоуда Қазақстанның мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді