«Ұлы дала қырандары» ұлы Абай ескерткішіне тағзым етті

«Ұлы дала қырандары» ұлы Абай ескерткішіне тағзым етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттікке үміткер Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері ұлы ақын Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.  Жиналған қауымды кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бастамалары жайында баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұрпақ тәрбиесіне ден қою – «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан саяси додаға түскен кандидат Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасында тап осы мәселелерге басымдық берілген.

«Сәдібек ар-ождан полициясын құрамын деді. Бұл бағдарламаны ол сонау  1995-96 жылдары Алматыда ойластырып жүретін. Бүгінгі оның сайлауалды бағдарламасында айтылған негізгі 4 мәселе де – уақыт сынынан өтіп, пісіп-жетілген мәселелер», – дейді Президенттікке үміткер С.Түгелдің сенімді өкілі САЛТАНАТ ҚҰМАРОВА.

Айта кетейік, кандидат Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабы жоспарын пысықтады. Олар 2 апта ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылып, алдағы жоспарларын ойластырды. Енді қалған аз уақытта үміткердің штабы қоғамдық рейд, экологиялық акция және түрлі кездесулер ұйымдастырмақ. Есте болса, Сәдібек Түгел Ар-ождан полициясын құрып, түнгі клубтар мен тәулік бойы жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді жабу қажет деген бастама көтерген болатын.

«ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабы біздің еліміздің 14 облысында және үш қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Еліміздің Жезқазған, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кездесу, шаралар жоспарланып отыр», – дейді Президенттікке үміткер С.Түгелдің сайлауалды штабының баспасөз хатшысы Базаргүл ҮМБЕТОВА.


Новости партнеров