2020 жыл – «Еріктілер жылы». Тоқаев бүгін осындай қаулы қабылдады

27.08.2019 23:18

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл Волонтер жылы болып жарияланды, деп хабарлайды Ақорда.

Волонтер жылын жариялау туралы

Волонтерлікті дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті      Қ. Тоқаев