Мемлекет басшысы ертең өңір жұртшылығымен кездеседі
Бүгін түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
«Мемлекет басшысы «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына, «АРЕС PetroTechnic жоғары колледжіне» барады, сондай-ақ, ертең өңір жұртшылығымен кездеседі», - деп жазды Берік Уәли.