Алматыда жылжымалы сайлау учаскелері де жұмыс істеуде

09.06.2019 22:55

Үйінен шыға алмайтын жандар үшін Алматыда жылжымалы сайлау учаскелері де жұмыс істеуде. Үміткерлерге дауысын бергісі келген егде жастағы тұрғындар өздерінің дауысын салатын жәшікті әкелуі туралы алдын ала өтініш жасауы тиіс. Тек бір ғана №559 сайлау учаскесінің мүшелері 16 адамның үйіне барып, олардың дауыс беруіне мүмкіндік жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Мен көшпелі дауыс беру жәшігін апарған жерге бірге барып, бақыладым. Әр түрлі сайлау учаскесіндегі 16  үйге бардық. Заң бұзушылықтар болған жоқ», - деді бақылаушы Ирина КОРНИЕНКОВА.  

«Халық сайлауға белсенді қатысып жатыр. Таңертен үлкен кісілер келіп дауыс берді. Қазіргі таңда сайлауға келушілердің көбі жастар. Бәрінің көңіл күйі жақсы», - деді Алматы қаласы № 559 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлнар ЖАҚСЫБАЕВА.