Бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының құрамында 58 мыңнан астам партия мүшесі бар
Партияның қатарында кикбоксингтен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ушу-саньдадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан спорт шебері Имид Тохтасун, актер және режиссер, қазақстандық эстрада әншілерінің клипмейкері Мерей Маханов бар. Бұл туралы мегаполис тұрғындарын партияға салтанатты қабылдау рәсімінде белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ, партияға короновирустық пандемия кезінде жоғары нәтижелер мен кәсібилік көрсеткен үздік медицина қызметкерлері қабылданды.
Олардың арасында №5 қалалық клиникалық аурухананың аға мейірбикесі Алиша Жумагулова да бар. 2008 жылы Алиша Камиевна «Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған. Сонымен қатар «Еңбек ардагері» медалінің иегері болды. Оның әріптесі, №2 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері Мұхаммед Ысқақов 2019 жылы «Ғылым және білім беру» ғылыми - теориялық журналында «АИТВ жұқтырған пациенттердегі пневмоцистік пневмония ағымының ерекшеліктері» мақаласын жариялағаны үшін сертификатпен марапатталды.
Партия қатарын жас педагогтар да толықтырды. Олардың бірі Нұргүл Темірешова - аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған №10 жалпы білім беретін мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Нұргүл Насебенқызының оқушылары аудандық, қалалық өлеңдер оқу байқауларының жеңімпаздары. Абай, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев республикалық және аудандық өлеңдер оқу байқауының гран-при иегерлері атанған.
Режиссер Мерей Маханов пандемия кезінде партияға кірген себебін айтты.
«Мен төтенше жағдай кезінде өз әрекетін сөз жүзінде емес, іс жүзінде қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсеткен нұротандықтардың жұмысын бақыладым. Сол себепті де өз халқыма көмектесу үшін партияға кіру туралы шешім қабылдадым», – деп атап өтті Мерей Маханов.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы бойынша «Birgemiz» қорының қаражатынан 60 мыңнан астам адам 50 мың теңгеден материалдық көмек алды. Сондай-ақ партия мүшелерінің басым бөлігі аз қамтылған отбасыларға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қайырымдылық ұйымдарына тегін көмек көрсетті. Тегін түскі ас, азық-түлік, медициналық бұйымдар, дәрі-дәрмектер, жеке қорғану құралдары және тағы басқалар ұсынылды. Карантин кезеңінде ғана қалалықтардан 32 мың өтініш қабылдаған партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері де өз жұмыстарын онлайн режимде жалғастырды. Оның ішінде өтініштердің 80%-ы оң шешімін тапты.
Кездесу барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров бастауыш партия ұйымдарының басшыларын атап өтіп, оларға «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан алғыс хаттар табыс етті. Өз сөзінде ол барлық қазақстандықтарды және кездесу қатысушыларын Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталды.
«Бұл мереке азаматтарды Қазақстанды мықты, гүлденген, өркендеген мемлекетке айналдыруға деген шынайы ұмтылысымен біріктіреді. Бүгінде еліміздің маңызды жетістіктері саналатын Тәуелсіздік, бірлік, тұрақтылық және тұрақты даму Елбасы саясатының арқасында мүмкін болды»,– деді Станислав Канкуров.
Бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының құрамында 58 мыңнан астам партия мүшесі бар. Олардың арасында әртүрлі сала өкілдері - дәрігерлер, мұғалімдер, жұмысшылар, жастар, белсенді өмірлік ұстанымы бар, халықты толғандыратын проблемалар туралы айтуға қорықпайтын, оларды шешудің нақты тетіктерін ұсынатын адамдар баршылық.