Тоқаев: Байқоңыр – ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы

12.04.2020 23:04

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ғарышкерлер күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ғарышкерлер күнімен құттықтап, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке – Ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік космонавтиканың дамуына зор үлес қосқаны сөзсіз. Байқоңыр - ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы. Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз!», - деп жазды Қасым-жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, осыдан тура 56 жыл бұрын, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин болған еді.