Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №4 Жарлығына сәйкес, 2023 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына сайлау тағайындалды. «Almaty «Телерадиокомпаниясы» АҚ – «Almaty TV» телеарнасының (бұдан әрі-Телеарна) меншік иесі 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттарды (бұдан әрі-Кандидат) сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін телеарнаның эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабардар етеді.
Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша 00:00 сағатта аяқталады, осылайша үгіт материалдарын орналастыруға жазбаша өтініштерді қабылдау тіркелген кандидаттардан 2022 жылғы 24 желтоқсан сағат 18:00-ден бастап 2023 жылғы 12 қаңтар сағат 18:00-ге дейін Алматы қаласы, Ғабдуллин көшесі, 88а үй, 211-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады. Қабылдау уақыты күн сайын сағат 09: 00-ден 18: 00-ге дейін. Тіркелген кандидаттардан үгіт өтініштер факсимильді және интернет-байланыс арқылы материалдарын орналастыру туралы қабылданбайды.
Материалдарды сайтқа орналастыру тәртібі мен шарттарын мына сілтеме арқылы таныса аласыз.