Құрамында Б. Торғаев, Ж. Сүлейменова, С. Адамбаев, А. Сарым, А. Платонов, Қ. Нуров және М. Ахметов бар
Б. Сағынтаев Мәжіліс депутаттарымен Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құрамында Б. Торғаев, Ж. Сүлейменова, С. Адамбаев, А. Сарым, А. Платонов, Қ. Нуров және М. Ахметов бар Мәжіліс депутаттарының тобымен кездесуде Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу барысы туралы хабарлады.
Талқылау барысында «Шетсіз қала» қағидаты бойынша қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру туралы пікір алмасу болды. Кездесуде VII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары Б. Торғаев, С. Адамбаев, Қ. Нуров сөз сөйлеп, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының міндеттерін жүзеге асырудың жоғары қарқынын атап өтті.