Серік Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

открытые источники
открытые источники
Ол осы ведомствоның вице-министр қызметіне былтыр маусымда тағайындалған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Серік Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


"Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі", - делінген Ақорданың хабарламасында.


Ол осы ведомствоның вице-министр қызметіне былтыр маусымда тағайындалған болатын.


Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.


2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.


2015-2016 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2016-2018 жылдары Атырау қаласы әкімінің қызметін атқарған.

Новости партнеров