Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды

13.06.2019 23:21

Өңірді бұған дейін Ералы Тоғжанов басқарған болатын

lada.kz

Маңғыстау облысының әкімі қызметіне Серікбай Тұрымов тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.


«Серікбай Өтелгенұлы Тұрымов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын», - деп жазылған мемлекет басшысының жарлығында.

Серікбай Өтелгенұлы Тұрымов 1964 жылы Гурьев облысында туған.  

1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдады. 

1981-1990 жж. - «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде әртүрлі қызметтерде болған; 

1990-1994 жж. - «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы; 

1994-1995 жж. - Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы; 

1995-2004 жж. - «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры; 

2004-2006 жж. - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі; 

2006-2008 жж. - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары; 

2008-2012 жж. - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;

 2012-2015 жж. - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі; 

2015 жылдың 10 шілдесінен бастап - Ақтау қаласының әкімі. 2017 жылдан Маңғыстау облыстық маслихаттың хатшысы.