Nur Otan партиясының мүшелері 1-4 қазан аралағында өз таңдауын жасады
Алматыда Праймериздің дауыс беру науқаны өз мәресіне жетті. Nur Otan партиясының мүшелері 1-4 қазан аралағында өз таңдауын жасады. Тіркелгендердің 73 пайызы primaries.kz сайты мен мобильді қосымшасы арқылы, сонымен қатар, сегіз аудандағы 37 сайлау учаскесінде дауыс берген.
«Мынау Алатау ауданында жалпы дайындық та, жалпы дауыс беру де бүгінде әділетті өтті деген өзім ниеттемін, өзім сондай сенімдемін. Сондықтан партия мүшелеріне ең ыңғайлы, ең дұрыс деген үміткер ұтсын деген тілегім бар», – деді Nur Otan партиясы алатау аудандық филиалының төрағасы Азамат Қалдыбеков.