Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Оқи отырыңыз: ҰҚК Терроризмге қарсы қызметінің бастығы тағайындалды