|
09.06.2019 | 18:26
2433

Сайлауға еліміздің 73 пайызы қатысты

Қазақстандықтар республика бойынша ашылған он мыңға жуық сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап жатыр

Сайлауға еліміздің 73 пайызы қатысты

Әділ, мөлдір және ұрыс-керіссіз. Саяси маңызды науқанды бақылауға келген халықаралық байқаушылар біздегі дауыс беру жайлы осындай пікірде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Науқанның өтуіне Бразилия, Испания, Сербия,  Румыния елдерінен келген өкілдер көңілі толғанын жеткізді. Айтуларынша, Қазақстандағы дауыс беру барлық халықаралық талаптарға сай.

«Ең алдымен, сайлау атмосферасының өте жайлы болғанын атап өткім келеді. Ел тұрғындарының сайлауға дауыс беруге көптеп келіп жатқаны байқалады. Жарты күннің ішінде әлемдік барлық ақпараттық агенттіктер қазақстандықтардың жартысы сайлауға келіп қойғанын жариялап жатты», – деді «ТАСС» ақпараттық агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил ГУСМАН.

«Жеті кандидаттың бәйгеге түсуі Қазақстанның демократиялық деңгейін көрсетеді. Олардың арасында әйелдің болуы, сайлаудың деңгейі, дауыс берушілердің ниеті бұл елдің болашағы зор және жарқын екенін тағы бір айшықтайды», – деді Грек Республикасы Парламентінің бұрынғы төрағасы Вирон ПОЛИДОРАС.

Естеріңізге сала кетсем, биылғы сайлауды 1000-ға жуық халықаралық байқаушы бақылауда. Ерекше айтып өтерлігі, алғаш рет Латын Америка мемлекеттерінен байқаушылар келген. Ал 18.00 ге дейін еліміздегі барлық дауыс берушілердің 73 пайызы қатысқан.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир