Қаладағы кәсіподақ мүшелері кезектен тыс өткелі отырған президент сайлауына бейжай қарамайды
Сайлауда әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды! Ал оның әділ өтуіне барлығымыз ат салысуға міндеттіміз! Бүгін 2 мыңға жуық жұмысшының басын қосқан Алматы қаласына қарасты кәсіподақ бірауыздан осылай деді.
Қаладағы кәсіподақ мүшелері кезектен тыс өткелі отырған президент сайлауына бейжай қарамауға шақырды. Олар тарихи кезеңде еліміздің тұрақтылығын сақтап, ары қарай гүлдендіру үшін халықты белсенді болуға үндейді.
«Бұл өте маңызды, тарихи кезең. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауын өткізуі туралы үндеуі еліміздегі зиялы қауым, демократиялық күштер арасында үлкен қолдауға ие болып отыр. Жұмыс пен жұмыс беруші алдындағы алтын көпір іспеттес кәсіподақ ұйымдары да осындай игілікті тарихи шарада елмен бірге қолдау көрсетуде», - деді Алматы қаласы Мемлекеттік және банк мекемелері кәсіподағының төрайымы Данагүл АЙНАҚҰЛОВА.