Сәдібек Түгел түнгі клубтарды жабу туралы мәселе көтерді

14.05.2019 00:20

Ол жастарға айран, қымыз және шұбат ішуге кеңес берді

Еліміздегі түнгі ойын-сауық ордаларын жауып, ар-ождан полициясын құру қажет. Президенттікке кандидат Сәдібек Түгел осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан үміткер елордадағы түнгі клубтардың жұмысымен танысып шыққаннан кейін жастарды ұлттық құндылықтарды ұлықтауға шақырды.

«Елімізде болмысымызға жат неше түрлі түнгі клубтар, сауна-бордельдер, гей клубтар қаптап кетті. Күн санап өсіп бара жатқан мұндай лас орындарды жабу керек», – деген ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек ТҮГЕЛ жастарға алкогольді ішімдіктен гөрі, айран, қымыз және шұбат ішуге кеңес берді. Сондай-ақ ол ел ертеңі ұлтжанды ұрпақ қолында деген атап өтті.

Жастар тәрбиесі Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасының негізгі өзегі болып табылады.