Eртең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді
ҚР Үкіметі 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге карантин жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді», – деп жазды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) July 1, 2020