Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қ.Е. Көшербаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын», – делінген Жарлықта.