Тоқаев мемлекеттік тілден емтиханды қалай тапсырды?

23.04.2019 23:52

Ол Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелер мен хикаяттар жинағының үш бетін мәнерлеп оқыған

Tengrinews.kz.

Президенттікке үміткер Қасым Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілден емтиханды ойдағыдай тапсырды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Нұр Отан партиясының өкілі қазақ тілін еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия алдында дәлелдеді. Ол шығарма жазғанда Абай Құнанбаевтың поэзиясы, қара сөздері, оның жалпы халыққа беретін маңызы туралы терең толғаған.

Келесі кезеңде Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелер мен хикаяттар жинағының үш бетін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, «Қазіргі Қазақстанның геосаясаты» жайында да кең толғап, терең сөйлеген.

Еске сала кетейік, тоғызыншы маусымда өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауға үміткер мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, оқып, көпшіліктің алдында ойын анық жеткізе білуі тиіс.