Әлихан Смайылов халықтың әл-ауқатын жақсаратынын айтты
Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралардың жоспарын мақұлдады. Өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын да әзірледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қаржы министрі әрі үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смайылов бүгінгі үкімет отырысында бизнеспен айналысу жолы реттелетінін айтты. Ол үшін кәсіпкерлікке демеу болып жүрген мемлекеттік бағдарламалардың пайдасы қайта қаралады. Олқылық болса, орны толады.
«Аталған шараларды іске асыру мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бәсекеге қабілетті бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасайды. Халықтың әл-ауқатын жақсартады», – деді ҚР Қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.