Бердібек Сапарбаев сөйлеп тұрғанда тосын оқиға болды
sputnik.kz
Аймақ басшысы облыс тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп жатқанда Елтаңба түсіп кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде күтпеген жағдай болды. Әкім сөйлеп тұрғанда мінберге бекітілген Елтаңба жерге түсіп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Әкімнің халықпен кездесуі онлайн форматта өтті. Есеп беру тікелей эфирде көрсетілді.
Аймақ басшысы облыс тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп жатқанда Елтаңба түсіп кетті. Әкім сөзін тоқтатып, жанындағыларға "алсайшы ананы" деп, рәмізді көтеруді тапсырды. Содан кейін әрі қарай сұрақтарға жауап беруді жалғастырды.
Айта кетейік, Жамбыл облысы әкімінің есеп беру кездесуі 19 ақпанда өтті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
15.10.2026 13:44
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 13:30