Алдағы күндері елімізде күн райы қандай болмақ? Ол туралы біз «Қазгидромет» мамандарынан сұрап білдік. Дәл қазір жетекші инженер Лаура Сайлыбаева «Алматы» телеарнасының тікелей эфирде сұрағымызға жауап берді.
— Лаура, қайырлы кеш! Демалыс күндері қандай болжам жасалып отыр?
— Сәлеметсіздер ме?! Оңтүстік каспи циклонының әсерінен республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашын жауды және де екпінді жел соғып бұрқасын байқалған болған. Алайда бұл циклон республикамыздан кетіп бара жатыр. Оның орнына суық антициклон кіріп жатыр. Сонымен байланысты жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде алдағы үш тәулікте Республикамыз бойынша. Және де басым бөлігінде ауа температурасы төмейдейді. Тіпті Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 0 градустан төмен болып болжанады.
— Жақсы, Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында күн райы қандай болады? Республиканың көп өңірінде көктайғақ болып жатыр?
— Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде. Ауа температурасы ақпанның жиырмасында түнгі сағаттар да 28-30, күндіз 14-16 градус аяз болады. Жиырма бірінші ақпанда түнде 15-17, күндіз 13-15 градус аяз болады. Ал, 22 ақпанда түнде 25-27, күндіз 15-17 градус аяз болады. Алматы қаласында алдағы үш тәулікте кей уақыттар да жауын-шашын жауады. Жаңбыр және қар түрінде және де тұман көктайғақ күтілуде. Ауа температурасы ақпанның 20-сы түнгі сағаттарда 1-3, күндіз 3-5 градус жылы болса, ақпанның 21-22-сі түнгі сағаттар да 0, -2, күндіз +1,+4 градусты жылы болады.