«Ақ Жол» партиясы президентікке үміткер ретінде Дания Еспаеваны ұсынды
Бұған дейін Қазақстанның президенттігіне әйел адам үміткер болмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Ақ Жол» демократиялық партиясының өкілдері елордада өткен 15-съезде өз қатарынан президенттікке үміткерді бекітті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Екі жүзден астам партия өкілі жиналған басқосуда ақжолдықтар саяси додаға лайықты және президент лауазымына қауқары мен білімі жетеді деген оймен өз қатарларынан Дания Еспаеваны таңдады.
1961 жылы дүниеге келген партия өкілі қаржы саласының маманы. Ақпарат көздеріне сенсек, Еспаева тұрмыс құрған, екі баланың анасы. Осыдан үш жыл бұрын Парламенттің бесінші шақырылымында мәжіліс депутаты болған. Бюджет пен қаржы комитетінде қызмет еткен. Содан кейін Ақтөбе облысының мәслихаты депутаты лауазымын атқарған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43