Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқаны туралы мәлімдеді

Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқаны туралы мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Президенттік өкілеттілігін тоқтатты. Мұны қазір ғана елдегі отандық телеарналардан тікелей эфир арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақстандағы билік сабақтастығы Конституциялық тұрғыдан реттелген. Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа Президент сайлауы болады. Қазір өздеріңіз білесіздер, Парламент сенатының төрағасы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Оны сіздер жақсы білесіздер, ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы. Ағылшын және қытай, француз тілдерін еркін меңгерген, басшылық лауазымдарда қызмет етіп, мол тәжірибе жинаған. Еліміздің сыртқы саясатының қалыптасу жылдарында Сыртқы істер министрі, Премьер-министрдің орынбасары және Премьер-министрі, Сенат төрағасы болды. Елімізді оның экономикасы мен саясатын жетік біледі», – деді Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Новости партнеров