|
09.06.2019 | 19:12
1521

Алматы метросының қызметкерлері дауыс беруге кезекке тұрды дегені жаңсақ ақпарат болып шықты

Алматы метросының қызметкерлері дауыс беруге кезекке тұрды дегені жаңсақ ақпарат болып шықты

Алматылық Айжан Шорманның фейсбук парақшасында жазған «Дауыс беруге барған кезде метрополитен қызметкерлері тұрған ұзан-сонар кезекке тап болдым. Ал, қарапайым адамдар сәйкесінше, емін-еркін дауыс беріп жатыр» деген ақпар шындыққа сай болмай шықты. Бұл туралы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова мәлімдеді. Себебі метрополитенде сонша адам қызмет етпейді де екен.

«Алдымен ол жерде көп адам жұмыс істемейді. Екіншіден, сайлау учаскесі сол метрополитеннің қасында ұйымдастырылды. Көбіне дауыс беруге келген адамдар тізімнен өзін таппай жатады. Кейде тізім анықталғаннан кейін келіп жататын адамдар болады. Сонда сайлау комиссиясының мүшелері анықтама қағазын көрсетуді талап етеді. Бұл мәселені оңтайлы шешу мақсатында, әр сайлау учаскесінің ішіне Халыққа қызмет көрсету орталығы өз мамандарын отырғызды. Мұның бәрі уақытты алады. Кезек негізі сол халыққа қызмет көрсету орталығында туындаған», – деді Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна АСАНОВА.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде дауыс берушінің бюллетенде «Әділетсіз сайлауға тосқауыл» деген жазбасы да пайда болды. Жанна Асанованың түсіндіруінше, бұл заңбұзушылыққа жатпайды. Дауыс беруші бюллетенді алғаннан кейін не істесе де, өз еркі. Сайлауда ешбір заңға қайшы әрекет болған жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир