|
17.09.2019 | 19:22
962

Асқар Мамин бизнесті жақсартуға қажет топтама жасауды тапсырды

Бүгінде Қазақстан бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша әлемнің 190 елі арасында 28-орында

Асқар Мамин бизнесті жақсартуға қажет топтама жасауды тапсырды

Бизнесті жақсартуға қатысты топтама жасалу қажет. Еліміздің Үкімет басшысы тиісті министрлерге осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Үкімет отырысында «DoingBusiness» рейтингінде позицияларды жақсарту мәселелері көтерілді. Бүгінде Қазақстан бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша әлемнің 190 елі арасында 28-орында.

Үкімет басшысы жақсы көрсеткішке қол жеткізіп отырған бірқатар саланы тізіп берді. Мәселен, жаһандық бәсекедегі қабілеттілік индексі бойынша электр өндіру жөнінен жоғары орындамыз. Темір жол көлігі бойынша 34, ал ІТ-технологиялар жағынан 44-орында келеміз. Асқар Мамин күшейтуді қажет ететін секторларды да атады. Бұлар халықаралық сауда, денсаулық сақтау және қаржы саласы.

«Ұлттық экономика министрлігіне бірінші мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың қазан айының соңына дейін бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту бойынша кезекті 8- түзетулер топтамасын дайындауды тапсырамын. Бұл топтама кәсіпорындарды ашу және меншікті тіркеу, құрылысқа рұқсат алу және электрмен жабдықтау желілерін қосу кезінде инвесторлар үшін маңызды бизнес процесстерді жеңілдетуді көздейді», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН.

Премьер-министр өңірлердің басшыларына реформаларды іске асыру және инфрақұрылымды дамыту қажеттілігін баса айтты. Бұдан бөлек, инвестициялар тартуға да қолайлы жағдай жасаулары керек.

«Осы реформаларды өңірлерде сапалы және уақытылы іске асырудың маңызы өте зор. Әрбір әкім олардың іске асу нәтижесіне жауап береді. Осы ретте мұндай маңызды тәжірибені басқа да халықаралық рейтингтерде қолдану қажет», – деді  ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН.

Халықаралық кәсіпкерлер үшін әлбетте, еліміздің инвестициялық ахуалы маңызды. Осы ретте Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов экономикаға қаржыгердлердің келуіне ықпал ететін 7 көрсеткішті атады.

«Инвесторлар үшін инвестициялық ахуал маңызды. Бұл – бизнесті жүргізудің жеңілдігі, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, сауда және көлік инфрақұрылымының дамуы, кедендік рәсімдеудің тиімділігі, халықтың орта және жоғары білім деңгейі, сондай-ақ егемен кредиттік рейтингтер. Осыған қарай шешім қабылдайды», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан ДӘЛЕНОВ.

Айта кету керек, бизнесті жүргізу жағдайлары бойынша Алматы, Ақтау және Ақтөбе қалалары көш басында. Ал  Қарағанды, Өскемен және Тараз қалалары керісінше тізімнің соңын түйіндеп тұр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир