Коронавируске қарсы күресте жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет – Президент

twitter.com/AkordaPress
twitter.com/AkordaPress
Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирустың алдын алуда және індетпен күресте жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Мемлекет басшысы бұл комиссия қазіргі ортақ жұмысқа кедергі жасамай, тексеріс жүргізіп, ұсыныс беруі керек деп тапсырды. Сондай-ақ, Үкімет пен әкімдіктердің жұмысын қатты сынға алды. Коронавирусқа қатысты ахуал жақсармаса Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайтынын ескертті. Almaty.tv тілшісі Асылбек Тойбектің материалында.

Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында еліміздің 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Еліміз бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша орташадан жоғары деңгейдегі өсім Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында байқалған. Ал, Батыс Қазақстан, Түркістан және Ақтөбе Қызылорда, Атырау, Павлодар және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жекелеген көрсеткіштер төмендеп кеткен. Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясында жүргізілген жұмыстарға көңілі толмайтын жеткізді. Алайда мәселе жазамен емес, жауапкершілікпен шешілу керек деді.

«Скажу откровенно: во время подготовки данного заседания мне советовали уволить некоторых первых руководителей регионов, ведомств, даже отправить в отставку все правительство. Мол, это будет хорошо воспринято обществом, очки, мол, наберете. Но мне очки совершенно не нужны. Я готов слушать и слышать ответственных людей, но играть на публику не собираюсь. Не в том, как говорится, возрасте и положении», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.  

«Қазір біз соғыста жүрміз. Сондықтан әрбір басшыдан жедел мәселелер мен тапсырмаларды шешуде барынша тиімділік талап етіледі. Жауапкершіліктен қашып, бюрократиямен айналысуға болмайды» деді Президент. Пандемия кезінде халықтың табысы азайғанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттап кеткенін де сынға алды. Дағдарыс қоғамдағы әлеуметтік үйлеспеушілікті, азаматтардың жергілікті және орталық билікке күмәні мен сенбейтіндігін көрсеткенін, мемлекеттік басқаруды қайта құру қажеттігін де атап өтті.

«Кризис показал социальные диспропорции в нашем обществе, скепсис и недоверие граждан к местным и центральным властям. Наш аппарат и в целом система госупарвления серьезно отстали от веления времени. Идеологическому аппарату тоже не хватает знаний, опыта креативности и смелости.  Нужна перестройка госуправления. Она станет частью политической реформы, предусматривающей значительное усиление местного самоуправления. Без такой реформы убежден, мы не сможем придать реальный импульс социально-экономическому развитию страны», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.    

Мемлекет басшысы қазіргі пандемия ахуалы жұмыспен қамту саласына, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайына айтарлықтай теріс әсер ететінін баса айтты. Тағы бір өзекті мәселе – шағын және орта бизнесті қолдау үшін дағдарысқа қарсы бірқатар теңдессіз шара қабылданғанына қарамастан, өңірлердің басым бөлігінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері санының қысқаруына жол берілген. Мұндай олқылық 8 өңірде орын алған. Үкімет әкімдермен бірлесіп, шұғыл түрде тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге кірісуі керектігін де қатаң тапсырды. Үкімет пен Ұлттық банкке ахуал ушыққан жағдайда халық пен салаларды қолдаудың қосымша шаралар пакетін әзірлеуді жүктеді.

Бұдан бөлек пандемия кезінде туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізіледі. Қажет болса, жауапкершілікке тартуды тапсырды. Президент. МӘМС қоры мен «СК Фармация» басшыларының жұмысына шүйлікті. Дәрілердің жетіспеушілігі мен оның бағасын қолдан қымбаттату мәселесін де тез арада реттеуді жүктеді. «Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді жолға қоятын кез келді. Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмады деген баға берді.

Новости партнеров