Олардың қатарында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов та бар
Парламент сенатының депутаттығына Алматы қаласынан 6 үміткер құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың қатарында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов та бар. Одан өзге заңгерлер мен кәсіпкерлер де сайлауға түсуге ниетті. Айта кету керек, құжаттар 12 шілдеге дейін қабылданса, үміткерлерді тіркеу 23 шілдеде аяқталып, нақты сайлауға түсетіндер белгілі болады. Әзірге Сенат депутаттарының сайлауы қандай форматта өтетіні белгісіз.
«Алматы қаласынан бізде 6 үміткер өзінің құжатын тапсырды. Оның ішінде үшеуі тіркелген. 1 кандидаттың заң бойынша Конституциялық талаптарға сәйкеспейтінін анықтадық. Сол сол себепті тіркеуден шықты», – деді Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова.