Мәжіліс төрағасының орынбасары Алматы мұғалімдерімен кездесті

Мәжіліс төрағасының орынбасары Алматы мұғалімдерімен кездесті
Ал, депутат Зағипа Балиева Алматы қаласы Түркісіб ауданындағы № 147 бөбекжай балабақшасына барды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2020 жылы ұстаз мәртебесін көтеру қажет. Бұл – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүктеген тапсырмасы. 16 сағаттық жұмыс кестесіне ауысу, жалақы көтеру, ұстаздарға арнайы сыйақы тағайындау. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Алматы қаласындағы №201 мектептің мұғалімдерімен кездесу барысында осы және өзге де негізгі бағыттарды толық түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Сонымен қатар, бүгін қаладағы көп балалы аналармен де кездесті. Олардың сұрақтарын тыңдап, негізгі шешу жолдарын айқындап берді. Кездесу барысында биылғы әлеуметтік төлемнің жаңа жүйесін де түсіндірді.

«Әр 3 ай сайын қайта қарастырып отырады. Балаға алатын жәрдемақы ол бөлек мүлде сақталады. Бала 18 жасқа толғанға дейін, тіпті ол бала жоғарғы оқу орынында оқыса 21-22 жасқа дейін беріледі. Басқа уақытта оны 3 ай сайын қарастырып тұрады. Бұл – бір ерекшелік», - деді ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира ИСИМБАЕВА.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты Зағипа Балиева Алматы қаласы Түркісіб ауданындағы № 147 бөбекжай балабақшасына барды. Бүлдіршіндердің білім сапасын тексеріп, тәрбиешілермен кездесті. Басқосу барысында олардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Ұстаздар тарапынан тұрғын-үйді жеңілдікпен алуға қатысты сұрақтар болды.

«Керемет, бір ғажап балабақшаға келдік. 300-дей бала бар екен, жағдайлары өте керемет. Балаларға барлық жағдай жасалған. Мектепке дайындық жағынан, өнерге жақын балалар, сенсорика жағынан, монтосори жағынан балалар керемет. Балардың болашағы өте зор», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа БАЛИЕВА.

Новости партнеров