Семинар-тренинг түрінде өткен басқосуда әкімдер, басшылықта жүрген шенеуніктер қатысты
Солтүстік Қазақстан облысының журналистері мен PR-менеджерлері мемлекеттік қызметшілерді қоғаммен байланыстыру жолдарын үйретті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Семинар-тренинг түрінде өткен басқосуда әкімдер, басшылықта жүрген шенеуніктер ақпарат берудің тиімді әдіс-тәсілдерін, жұртшылық алдында еркін, қысылмай сөйлеу техникасын меңгерді. Бастама «Рухани Жаңғыру» бағдарлама аясында ұйымдастырылған.
«Біздің басты мақсатымыз – халықпен дұрыс жұмыс істеу. Сол жұмысты көрсете білу. Өйткені, халық біздің сөзді дұрыс түсінуі керек, олармен қарапайым тілмен сөйлесу керек», - дейді журналист Асқар Жалдинов.