Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Премьер- Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналист» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Geneva Business School-де (Швейцария) MBA бағдарламасын оқыған. Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған. 2001 жылдан 2007 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ құрылымында басшылық лауазымдарда еңбек еткен.
Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары – «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2016 жылы – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры. 2016-2017 жылдары – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. 2019 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.