Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Мәжілістің кезектен тыс сайлауы алдағы 19 наурызда өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттарын тарату туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгіннен бастап Мәслихат депутаттарының да өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді Мәжілістің кезектен тыс сайлауы алдағы 19 наурызда өтеді. Ел президенті депутаттарға алғыс айтып, жемісті жұмыстары үшін ыстық ықыласын білдірді.

«Мен Конституцияға сәйкес, Парламент палаталарының төрағаларымен, Премьер-Министрмен кеңесіп, Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойдым. Депутаттарға белсенді әрі жемісті жұмысы үшін алғыс айтамын. Мәжіліс пен мәслихат депутаттары еліміздегі ауқымды реформаларды іске асыруға барынша атсалысты. Олар сайлаушылармен жиі кездесу өткізді. Шалғайдағы елді мекендерге барды. Сондай-ақ жұртты толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық пікірталасқа ұйытқы болды», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Айта кетейін, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-министрмен Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізген болатын.

«Мен қыркүйектегі Жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Новости партнеров