Түркістанда түркі елдерінің жастары бас қосты

inform.kz
inform.kz
Халықаралық деңгейде өткен басқосуда мәдени туризм, бірлескен жастар лагерлерін ұйымдастыру мен жастар ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан – Түркі әлемінің бесігі. Дәл осындай атаумен Түркістанда түркі елдері жастары саммитінің басын қосқан пленарлық отырыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған саммитке еліміздің парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева видео-байланыс арқылы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, халықаралық деңгейде өткен басқосуда мәдени туризм, бірлескен жастар лагерлерін ұйымдастыру мен жастар ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

«Осыдан тура үш жыл бұрын Елбасы Түркістан облысын құру туралы тарихи Жарлыққа қол қойған еді. Содан бастап қаланың екінші тынысы ашылды. Түркістанды дамыту ісі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты назарында. Көктемде өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде Түркістанның «Түркі әлемінің рухани астанасы» болып жариялануы соның жарқын көрінісі», – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Новости партнеров