Президент қазақ тілін ұлтаралық қатынасты тіліне айналдыру керектігін айтты – Қали Сәрсенбай

02.09.2019 23:14

Бүгін, 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына тұңғыш рет жолдау жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен тіл мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», - деген мемлекет басшысының сөзін зиялылар зор қуанышпен қабылдады.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік тіл мәртебесін одан әрі күшеуті жөнінде айтты. Жалпы, мемлекеттік тіл менің түсінігімде таяу болашақта ұлтаралық қатынасты тіліне айналу керек деген пікір айтты. Сонымен қатар, бұл тек қана сөзбен емес, іспен жүзеге асу керек деп нақтылағандай болды», –  деді «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали СӘРСЕНБАЙ.