Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатырмыз – Тоқаев

26.01.2022 в 01:31

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-парақшасында жазды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-парақшасында жазды.

«Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатырмыз. Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт. Өзгенің пікірін құрметтеп, диалог жүргізу арқылы ғана еліміз ілгері жылжиды», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.