Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған семинарда сайлау комиссиялары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тәжірибе алмасып, саяси науқан кезінде қолданылатын жаңашылдықтарды, кездесетін кедергілерді болдырмау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сонымен қатар, Еуропа қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымы шетелдерде өткен парламенттік және президенттік сайлаулардың қорытындыларын сөз етті. Алқалы жиында халықаралық стандарттар мен сайлау туралы заңнамалық актілердің орындалуы жөнінде де айтылды. Бұл шараны Қазақстан дәстүрлі түрде 2008 жылдан бері ұйымдастырып келеді.
«Бұл жерде біріншіден, сайлау процессіне дайындалу барысы. Оның ішінде қоғамдық ұйымдардың өз үміткерлерін даярлау, олардың халыққа танымалдылығы, болмаса сайлау процессінде дауыс көбірек жинау үшін сайлаушылармен жұмыс істеу мәселесі қамтылады. Бізде әлі толықанды үлкен дейңгейде, шетелдік мемлекеттерде өткізілетіндей әлі де қамтамасыз етілген жоқ», – деді Жамбыл облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғазы АЙДАПКЕЛОВ.