Бұл туралы әмірлік басшысы шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахаян айтты
БАӘ тілсіз жаудан зардап шеккен Қостанай облысына 1 миллион доллар аударды. Бұл туралы әмірлік басшысы шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахаян мен Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың кездесуі кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үкімет басшысы аталған елге жұмыс сапары барысында екі мемлекет арасындағы экономиканың барлық салаларында кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді. Сондай-ақ БАӘ Қазақстанның халықаралық бастамаларын әрдайым тұрақты түрде қолдап отырғаны үшін алғыс айтты. Сапар аясында Премьер-министр әмірліктердегі ірі инвестициялық холдингтер және жеке сектор компанияларымен келіссөздер жүргізді.
«Жүргізілген келіссөздер бойынша жалпы сомасы 900 миллион АҚШ доллары болатын келісім-шартқа қол қойылды. Сонымен қатар, екі елдің ынтымақтастығын одан ары дамыту мақсатында туризм, геология, архив және өзара сауда салаларында бірқатар мемарандумға қол қойылды», – деді ҚР БАӘ төтенше және өкілетті елшісі Мадияр Меңілбеков.