2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қандай заңдар күшіне енді

06.01.2021 02:21

1 қаңтардан бастап қазақстандықтар зейнетақы қорында жиналған қаржысының бір бөлігін ала алады

ашық дереккөзден

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірқатар заң күшіне енді. Елімізде зейнетақы мөлшері 7 пайызға өсіп, әйелдер үшін зейнетке шығу жасы ұлғайтылды. Төменгі күнкөріс деңгейі 34 мың 302 теңге болып бекітіліп, айлық есептік көрсеткіш пен салық құны да біршама көтерілді. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Аяулым Көлжігіттің бейнематериалында.

1 қаңтардан бастап қазақстандықтар зейнетақы қорында жиналған қаржысының бір бөлігін ала алады. Қаржыны алу кезінде жеке табыс салығы ұсталады. Бірақ бірден емес, зейнет жасына жеткен соң бөліп төлеуге мүмкіндік жасалған. Ал, зейнеткерлер өз жинағының 50 пайызын алса, «жеткілікті шектен» асатын сомасы бар азаматтар қаражаттың бір бөлігін ғана иемденеді.

ГРАФИКА-1

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДА ЖИНАЛҒАН ҚАРЖЫНЫ АЛУ ШАРТТАРЫ

30 жас - 2 млн. 518 мың теңге

35 жас - 2 млн. 961 мың теңге

40 жас - 3 млн. 437 мың теңге

45 жас - 3 млн. 947 мың теңге

50 жас - 4 млн. 495 мың теңге

55 жас - 5 млн. 084 мың. теңге

59 және одан жоғары жас - 5 млн. 586 мың теңге

«1 қаңтардан бастап зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі туды. Мұндай ұстаным көптеген заңдар мен елдерде бар. Бірақ бізде белгіленген лимиттерді қайта қарау қажет. Себебі жиналған зейнетақының бір бөлігін алу үшін есепшотта белгілі соммада ақша болуы қажет. Бұл қажет қаржыны алуға қиындық туғызады», – деді экономист Айдар Әлібаев.

Сондай-ақ, зейнетақы мөлшері де 7 пайызға өсті. Қазір мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 1 мың 689 теңгеден 18 мың 524 теңгеге көбейген. Әйелдердің зейнетке шығу жасы да ұлғайып, 60 деп белгіленді. Бұған дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы 59 деп көрсетілген.    

БЛИЦ:

1. Дұрыс па деп ойлаймын бір жағынан. Өйткені қазір заман өзгерді ғой. Сосын біз 60-қа жақындаған жаста болсақ та, бәрібір әлі денсаулығымыз да келеді.

2. На женщин очень большое возлагается и по работе, и домашние дела. Конечно, хотелось бы, чтобы женщины уходили немного раньше.


Сонымен қатар, айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2917 теңгеге көтерілді.  Сәйкесінше, жәрдемақы төлемінің құны да артады деген сөз. Ал, ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңгеге тұрақтайды. Ал, одан бөлек 1 қаңтардан бастап елімізде мемлекет қызметкерлер және олардың жұбайлары  декларация тапсырады. Мемлекет осы бастама арқылы жемқорлықпен, көлеңкелі экономикамен күресіп, қазына қаржысын молайтуды көздеп отыр.

ГРАФИКА-2

2021 ЖЫЛЫ БАЛА ТУУ БОЙЫНША БІРЖОЛҒЫ ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕРІ

4 бала        44 мың 500 - 46 мың 700 теңге

5 бала       55 мың 600 - 58 мың 400 теңге

6 бала       66 мың 800 - 70 мың 100 теңге

7 бала       77 мың 900 - 81 мың 800 теңге

8 бала       88 мың 800 - 93 мың 300 теңге

9 бала       100 мың - 105 мың теңге

10 және одан көп бала      111 мың 100 - 116 мың 600 теңге

«Екінші кезең бұл 2023 жылдан басталады. Бұл кезде мемелекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары және  квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсырады. 2024 жылдан бастап, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсырады. 2025 жылдан бастап, қалған санаттағы жалпы азаматтардың барлығы тапсырады», – деді қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Қанағат Күлембаев.

Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап Қазақстанда тұтынушылар құқығын қорғайтын бірыңғай ақпараттық жүйе жұмыс істейтін болады. Одан өзге, білім саласын басқару жүйесі де өзгеріп, педагогтердің жалақысы 25 пайызға көбейеді.

Аяулым Көлжігіт, Сағынғали Мұңайтпасов, «Алматы» телеарнасы