ҚР Президенті Қ. Тоқаев: Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз

26.03.2020 01:40

Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығын білдірді

Бәріміз бірге жұмыла күрессек коронавирусты жеңеміз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында. ҚР Президенті коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлерге алғысын білдірді.

«Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін. #Birgemiz!», - деді Президент.