Парламент сайлау жүйесінің өзі жаңаша болып отыр -Кенжехан Матыжанов

21.01.2023 01:53
Almaty.tv

Жаңа Парламенттің сайлау жүйесінің өзі жаңаша болып отыр. Дәл осылай ойын білдірген М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов бір мандатты округтер арқылы сайланатын депутаттарға үміт арттады.

«Жаңа Парламенттің сайлау жүйесінің өзі жаңаша болып отыр. Әсіресе, оның 70 пайызы бұрынғы партиялық тізіммен сйланатын болса, 30 пайызы бір мандатты округтер арқылы сайланады. Осы бір мандатты округтерге үміт өте зор. Орталықтандырылған жүйені аймақтардың мүддесімен біріктіру керек. Аймақтарда жаңа күштер бар. Солар аймақтардың мәселесін, экономикасын өркентеду,  халықтың жағдайын жасау, солардың үнін көтеретін, солардың жан айқайын білдіретін жаңа депутаттар келетін болса, Парламенттің жаңаша ағысы болып қалыптасады ғой деп ойлаймын», – деді М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.  

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы Қазақстан мәжілісі мен мәслихаты депутаттарын сайлаудың негізгі он жаңалығын атап өткенін еске салайық.