Президенттің Қытайға баруы екі ел арасындағы достықтың нығаюына серпін береді

inform.kz
inform.kz
Қорғас бекеті сауда-саттықтың дамуына оң нәтиже берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Президентінің Қытайға баруы екі ел арасындағы достықтың нығаюына үлкен серпін береді. Көрші мемлекетке жұмыс сапарымен барған «Алматы» телеарнасының тілшісі Оразай Нұртай Үрімші халқымен пікірлескен еді.

– Қытайдағы жұмыс сапары туралы бірер ақпар бөліссең. Біздің Президенттің келуі қандай әсер туғызып жатыр?

– Қазір мен Қытайдың Үрімші қаласынан байланысқа қосылып тұрмын. Мұның алдында 21 млн-нан астам адам тұратын Бейжіңде, тұмса табиғатымен көрікті шаһар Ганьчжоуда, алып шаһар Гуанчжоуда болған едім. Туристік орындарда жүргенде отандастастарды да кездестірдім. Олардың айтуынша, жергілікті халықтың қазақстандықтарға деген құрметі ерекше. Ал Қытай азаматтары 18-19 мамырда өтетін саммит екі ел арасындағы сыйластық пен достық байланысты одан әрі нығайта түсетінін айтты. Жақында ғана қайта ашылған Қорғас бекеті сауда-саттықтың дамуына оң ықпал еткен, тауар айналымына үлкен үлес қосқан.

– Қазір Қытайдағы коронавирус ахуалы қалай? Карантиндік шектеу бар ма?

– Дәл қазір карантиндік шектеулер жоқ. Барлық жұмыс орны, сауда орталығы жұмыс істеп тұр. Бетперде тағу міндетті емес. Мысалы, бүгін мен Үрімшідегі орталық базарда болдым. Саудагерлер емін-еркін тауар сатып, келушілер керек-жарағын алып жатыр.

Новости партнеров