Қ. Тоқаев қысқамерзімді демалысын қайда өткізіп жатыр

15.07.2021 02:16

Президент елордаға сенбі күні оралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады», – деп жазды Берік Уәли.