Бақытжан Сағынтаев жұмыс орындарын сақтау мен құру, жалақыны уақытылы төлеу басым міндеттердің бірі екенін жеткізді
Шұғыл жиында қала басшысы әлеуметтік маңызы зор азық-түлік түрлеріне бағаны тежеу, әлеуметтік осал топтарды барынша қолдау керектігін қадап айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ, жұмыс орындарын сақтау мен құру, жалақыны уақытылы төлеу де басым міндеттердің бірі екенін жеткізді. Оған қоса, бюджеттік шығындарды қайта қарау ұсынылып отыр. Енді техника, жиһаздарды сатып алу, имидждік іс-шараларды өткізуді қысқарту жағы қарастырылуда.