Ресей Қазақстан ұсынысын қолдады

08.09.2020 02:38

Елбасы адамзатты ядролық қауіптен арылту мәселелерін АҚШ, Қытай, Еуропалық одақ және Ресей Федерациясымен талқылауды ұсынған болатын

© Sputnik / Болат Шайхинов

Ресей Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарусызданудың төртжақты саммитін өткізу туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елбасы адамзатты ядролық қауіптен арылту мәселелерін АҚШ, Қытай, Еуропалық одақ және Ресей Федерациясымен талқылауды ұсынған болатын. Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ақпарат және баспасөз департаментінде мәлімдегендей, бұл мәселе Ресей Федерациясының сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Және де, мұндай жұмыс келісім негізінде және барлық тараптардың заңды мүдделері мен мәселелері ескеріле отырып, ешқандай мәжбүрлеусіз жүзеге асырылуы тиіс. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда саммит шақыру туралы идеясын биыл 26 тамызда, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне орай Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының арнайы сессиясында көтерген болатын.

Теги: саммит