|
04.10.2022 | 21:56
693

Кезектен тыс президент сайлауын Ұлттық ғылыми академия бірауыздан қолдайды – Мұрат Жұрынов

Кезектен тыс президент сайлауын Ұлттық ғылыми академия бірауыздан қолдайды  –  Мұрат Жұрынов Almaty.tv

«Кезектен тыс президент сайлауын Ұлттық ғылыми академия бірауыздан қолдайды». Бұл туралы  ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғалымның пікірінше, Қазақстанның дәл қазіргі жағдайында сайлаудың өтуі заңды.

«Президенттік сайлауды о баста құптағам. Қазақстанның дәл қазіргі жағдайында бізге дәл осы нәрсе керек. Президент болашағымызға жаңа жол туралы айтты. Оны кім істейді.  Оған жаңа команда керек. Жаңа сайлау керек. Ол сайлауды Ұлттық ғылыми академиясы бірауыздан қолдайды», – деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир