|
03.10.2022 | 23:04
48936

Алматыда жылу қашан беріледі

Жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асад

Алматыда жылу қашан беріледі Almaty.tv

Алматыда ауа температурасы бес күн қатарынан 8 градусты көрсетсе, жылу ерте беріледі. Бұл туралы қаланың жылу жүйесіне жауапты компания өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың сөзінше, халықты жылумен қамтудың нақты белгіленген күні жоқ, бұл процесс ауа-райына тікелей байланысты. Жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асады. Алдымен балабақша, мектеп, емхана сияқты әлеуметтік мекемелер қосылады. Сосын тұрғын үйлер, жатақхана, әкімшілік ғимараттар мен мәдени нысандар жалғанады.

«Қаладағы барлық құбыр жылу беруге дайын. Егер 8 градустық температура бес күн бойы сақталатын болса жылу сол кезде беріледі. Былтыр ерте берілді. Бірақ ол арнайы ережеге сай әрі ауа-райына да байланысты болады», – деді «Алматы жылу жүйелері» ЖШС бас инженері Данияр Қазметов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир